Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДЫҚТАР БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

АРАЛДЫҚТАР БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Арал ауданында «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» біріңғай акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Акцияға меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар мен өңір тұрғындары жұмылдырылды.

Акция аясында Арал қаласының кіреберіс аумағындағы жасыл желекке 200 түп және жаңа бой көтерген Рәміздер алаңына 150 түп ағаш көшеттері егілді.

Жалпы, Арал қаласы бойынша Алматы және Ақтау қалаларынан әкелінген: ақ терек, үйеңкі, шаған, фикус, шынар сынды ағаш көшеттерінің 1000 түбі отырғызылды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
20 сәуір 2019 ж. 1 562 0