Ағаш отырғызу- атадан қалған мираc

Орман шаруашылық мекемесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Файзулла Смағұловигі шараның басы-қасында болып,қолдан келгенше ауыл-аймаққа көркейту, көгалдандыру жұмыстарына қолдау көрсетіп отырған жеткізді. Және де күтіп, баптау жұмыстарын көпке түсіндіріп, «ағаш егу атадан балаға мирас болған сауапты іс. Бұл сауапты іс бұнымен тоқтамауы керек» деп, өзгелерді де шараға атсалысуға шақырды.
Иә, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын...» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау- әрбір азаматтың борышы. Хадисте «Бір адам бір ағаш отырғызса,амал дәптеріне отырғызылған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген, олай болса мол сауапқа себеп болар бір тал ағаш отырғызуды келешек ұрпақ үшін жоспарлап мақсат етейік!- ағайын дегім келеді.
С. Тыныштықбаева,
№21 орта мектеп психологы.