Жастар қолдауы

-...Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын,-деген еді.
Иә, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген даналы сөз де бар халқымызда. Басқа елде қайдам, өз елінде де Алланың берген несібесі арқылы сұлтан болып жүрген жомарт жандар жетерлік бізде. Қолынан келген көмекті туған жерінен аямай, тапқан табысының артылғанын ауыл игілігіне жаратсам дейтін ақпейіл жандар арамызда әлі де бар. Туған жеріне елжірей қарап, елінің гүлденуіне біркісідей атсалыссам дейтін жандар біз сөз етпек болған осы «Туған жер» бағдарламасына толықтай кейіпкер боларлықтай.
Бүгінде Аманөткел ауылындағы кіре берістегі ауыл стадионы сол елдегі жастардың белсенділігінің арқасында қайта ажарланып, сәніне сән кірді. Сол стадионның сыртқы көрінісіне көз салсаңыз, тіптен тамаша. Көрермендерге арналған шағын орындықтар. Қайта боялған жақтаулар, қоршаулар. Футбол ойынына сәйкестелген сызбалар мен шағын қақпалар, соңғы үлгідегі «I LOVE AMANOTKEL» атты арнайы белгі. Міне, осының бәрі өзара үйлесімділік тауып, ауыл көркіне ерекше сән беріп тұрғандай. Бұл жұмыстар айналып келгенде, ауыл жастарының өзара ұйымшылдығының арқасында мүмкін болған дүниелер. Осы істің басы-қасында жүрген А. Абатов, Т. Жалмағанбетов, М. Оралбаев, А. Тәуекелов және Е. Бөгенбаев есімді ауыл азаматтары бүгінде туған ел ертеңіне алаңдаушылықпен қарайтындықтарын көрсетіп отырғандай. Мұнан бөлек, ауыл азаматы, бүгінде Астана қаласында тұрып жатқан жеке кәсіпкер М. Алматұлының ауыл орталығындағы Мұхамеди ишан мешітін қайта күрделі жөндеуден өткізіп берді.
Міне, осындай азаматтары бар Сырдағы Аманөткел елді мекенінің бүгінде сәніне сән қосылып, ел азаматтарының жарыса айтып жүрер киелі мекеніне айналған.
А. Аманов.