АРАЛДЫҚТАР «WORLD CLEANUP DAY – 2019» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Осы орайда, «Біз таза елді қолдаймыз» ұранымен өткізілген ауқымды сенбілікке аудан бойынша 1300-ге жуық адам қатысты. Барша мемлекеттік ұжымдардың белсенділігімен өткен тазалық шарасында 13 техника көмегімен 930 тонна қоқыс тиісті орындарға шығарылды.
Дегенмен, тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз. Себебі, Отан – баршамыздың ортақ мекеніміз!
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі