Аралдықтар "Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу" акциясына үн қосты

Соның ішінде, өңірімізде көркейту-көгалдандыру жұмыстарына басымдық берудің мәні зор екендігін тереңінен ұғынған аралдықтар бүгін «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу» акциясы аясында арша және терек көшеттерін отырғызды.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов бастаған тал егу акциясына аудан активі, аудандық мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысып, республикалық акцияның жүйелі өтуіне ат салысты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан ағаш егу шарасы барысында Арал қаласындағы Әбдіжәміл Нұрпейісов музей үйінің алаңына ағаш отырғызу шарасында 60 астам ағаш көшеттері егілді. Акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру.





Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі