Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналар да үлес қосты

Аналар да үлес қосты

Көктем шығысымен бүкіл тіршілік атаулының қайта түлей түсетіндігі белгілі. Сонымен қоса ауданда көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да басталады. Жылдағы дәстүр бойынша ағаш отырғызу жұмыстары оңтайлы жалғасын тауып келеді. Өткен сенбіде ауданның көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу мақсатында аудандық «Аналар кеңесі» мүшелері экологиялық акция аясында ағаш көшеттерін отырғызды. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп ырымдайтын халықпыз. Экологиялық акцияға үлес қосқан аудандық «Аналар кеңесі» мүшелері Т.Медетбаев атындағы аллеяға 70 түп ағаш көшетін екті. Аталған акцияға "Ұрпақтан-ұрпаққа" қоғамдық бірлестігінің Арал ауданы бойынша төрайымы Ханзада Қожанқызы, "Арал әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахытжамал Жүгінісова,"Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің, «Аналар кеңесінің» төрайымы Лаура Ибраимова және өзге де «Аналар кеңесінің» мүшелері қатысты.
Айта кету керек, экологиялық акция эстафетасын Жалағаш ауданындағы «Аналар кеңесі» мүшелері жолдаған болатын. Игі істен тыс қалмаған аралдық аналар да ағаш егу жұмысына белсенділік танытып, қатысты.
Биыл ел тарихындағы аштық зобалаңының өткеніне 100 жыл толып отыр. Халық басына қиындық туған шақта аралдық балықшалар 14 вагон балық жөнелтіп, аштықтан аман сақтап қалуына тікелей жетекшілік еткен Т.Медетбаев болатын. «Аналар кеңесінің» тарихи датаға сәйкес келген ағаш егу акциясын аталған аллеяда өткізуінің де басты себебі осы болды.
Аралдық аналар экологиялық акцияны әрі қарай жалғастыру үшін эстафетаны Қазалы ауданындағы әріптестеріне жолдады.
«Толқын» ақпарат
20 сәуір 2021 ж. 601 0