Ағаш отырғызу акциясы өткізілді

Арал ауданаралық ауруханасының ауласында санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген ағаш отырғызу акциясына аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, медицина қызметкерлері және еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.
Тал егу акциялары барлық кент және ауылдық округтер мен мекеме ұжымдарында өткізілуде.
Атап өтейік, аталған шара аясында Арал қаласында 600-ден аса сыр талы, қара тал және терек көшеттері отырғызылды.




