Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДЫҚТАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК «WORLD CLEAN UP DAY» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АРАЛДЫҚТАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК «WORLD CLEAN UP DAY» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ


Арал ауданының жұртшылығы дүниежүзілік «World clean up day» акциясына үн қосты. Қазақстанның Дүниежүзілік «World clean up day» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық экологиялық акцияға қатысушы ретінде «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Осы орайда, азаматтардың тазалықты сақтауға деген мәдениетін жоғарылату мақсатында өткізілген ауқымды сенбілікке аудан бойынша 600-ге жуық адам қатысты. Барша мемлекеттік ұжымдардың белсенділігімен өткен тазалық шарасында 11 техника көмегімен 480 тонна қоқыс тиісті орындарға шығарылды.

Дегенмен, тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз. Себебі, Отан – баршамыздың ортақ мекеніміз!

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2020 ж. 530 0