СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

Сенбілік барысында қоғамдық орындар мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазаланды.
Мемлекеттік мекеме ұжымдарының қатысуымен өткен тазалық шарасына 15 техника жұмылдырылып, 937 тонна қоқыс арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, қала тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырамыз.