ТАЗАЛЫҚ – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ

Бірақ, өкінішке орай тұрғындардың тазалық мәдениеті сын көтермейтіні қынжылтады. Себебі, апта сайын сенбілік жүргізілсе де, артынша қоқыстардың шашылып жатқанын көресің. Тіптен баршамыздың ата-бабаларымыз жатқан қорымдардың айналасынан қалай болса солай тасталған сусын шөлмектері мен қоқыс қалдықтарынан аяқ алып жүрудің өзі қиын. Одан қалды, сенбілік күндері де тұрғындардың тазалық шараларына деген ынта-жігері байқалмайды. Осыдан-ақ, тұрғындарда барлығын мемлекеттік органдар өздері істейді деген пікір қалыптасып бара жатқандай.
Бірақ, тазалық жинаған жерде емес, шашпаған жерде сақталады емеспе. Қала – баршамыздың ортақ мекеніміз екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан да, тазалық мәселесі қаламызда тұрып жатқан тұрғындардың барлығына қатысты. Сондықтан да, әр азаматты тазалыққа тәрбиелеу отбасынан басталуы тиіс. Өздері тазалайды деген кертартпа пікірден арылып, қолынан келетін шаруаны тындыра салғаннан ешкімнің ештеңесі кетпейді. Керісінше әрқайсысымыз өзіміз тұратын үй-жайдың айналасын таза ұстап, артық-ауыс қалдықтарды шашпай, ұқыпты болсақ, қоршаған ортамыздың таза әрі көрікті мекенге айналуына өзіндік үлес қосар едік.
Адам – табиғаттың төл перзенті. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты қастерлеу, қоршаған ортамызды таза ұстау әрбір адамның азаматтық борышы.
Сондықтан да, жоғарыда аталып өтілген көріністер бойында иманы бар әрбір аудан азаматының ойын тереңінен қозғайды деп үміттенеміз. Әрі аудан тұрғындарын өз іс-әрекеттерін ар таразысына салып, туған өлкеге жанашырлықтарын таныту мақсатында сенбілік шарасына біркісідей атсалысуға шақырамыз. Бір сөзбен айтқанда, суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған өлкемізді аялап, қадірлеуді әрбір азамат ойланса екен...
Аудан әкімінің баспасөз қызметі