Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Бізге Оңтүстік Корея технологиясын өнеркәсіпке енгізу маңызды

Президент: Бізге Оңтүстік Корея технологиясын өнеркәсіпке енгізу маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында екіжақты экономикалық байланысты «Инвестициялар мен технологиялар — шикізат орнына» қағидатымен дамытуға болатынын айтты.

«Енді әріптестіктің анағұрлым келешегі зор бағыттары туралы пайымымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бірінші — біздің экономика үшін маңызды салалардағы кооперацияның арттыру. Бұл — жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп. Мұнай-газ саласында бізге оңтүстіккореялық технологияның толыққанды трансферті, сондай-ақ, заманауи қондырғылар мен қосалқы бөлшектердің өндірісін жолға қою маңызды. Біздің Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты мұнай-газ кен орындарымыздың кеңейіп жатқанын ескерсек, бұл өте қажет», — деді Мемлекет басшысы бизнес-форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, елімізде 5 мыңға жуық барланбай жатқан кен орны бар.

«Кейіннен мұнай бен газ шөгінділерін игеруді көздейтін толық ауқымдағы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үлкен мүмкіндіктер ашады. Аса маңызды шикізатты „Инвестициялар мен технологиялар — шикізат орнына“ прагматикалық формуласы бойынша өндіру және қайта өңдеу келешегі аса зор бағыт болып есептеледі. Біздің жер қойнауымыз пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорын бойында сақтап жатыр. 5 мыңға жуық барланбаған кен орындары бар», — деді Президент.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
12 маусым 2024 ж. 187 0