«Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы тағайындалды
«Сыр Медиа» серіктестігіне қарасты республикалық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы қызметіне Абзал Жолтерек тағайындалды.
Абзал Жолтерек 1997 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. «Болашақ» университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Республикалық «Ұстаз мәртебесі» газеті және «Әлімсақ» журналынан бастап, 2020-2023 жылдар аралығында Қазалы аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі болып жалғастырған. 2022-2024 жылдар аралығында «Qazaly Live» және «LLF Qazaly» You Tube арналарында тілші-комментатор, 2023-2024 жылдар аралығында Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің маманы қызметін атқарды.
Ақпарат көзі: aqmeshit-zhastary.kz