Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "СЫР МЕДИА" ТІЛШІЛЕРІ ЕЛОРДАЛЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРБИЕ АЛМАСУДА

"СЫР МЕДИА" ТІЛШІЛЕРІ ЕЛОРДАЛЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРБИЕ АЛМАСУДА

Бүгін Қызылорда облысына қарасты «Сыр медиа» ЖШС-нің қалам ұстаған қауымы аға басылым "Егемен Қазақстан" газетінің релакциясында болып, тыныс-тіршілігімен танысып, іс-тəжірибе алмасты.
Кездесу барысында газет ахуалын көтеруге қатысты білікті тілшілер тәжірбиесімен бөлісті,- дейді Толқын газетінің бас редакторы Абай Елеш. 
Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Динара Бисембинаның бастамасымен өрбіген семинарға «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, «Өскен өңір» газеті бас редакторының орынбасары Елдос Жүсіп, «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш, «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы Есет Табынбаев, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Дастанбек Садық және «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Ердос Беркінбаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің жауапты хатшысы Самат Әбдіш, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Ерасыл Шәрібек қатысуда. Мастер-класс барысында аудандық газет журналистері тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар айтылды. Облыс қаламгерлері одан әрі «Казахстанская правда» газеті және «Казмедиаорталығының» тәжірибесімен танысатын болады.  
 
13 қыркүйек 2018 ж. 1 523 0