Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді

1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді

Қаржы министрлігі алдағы екі жылға арналған республикалық бюджет жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2025-2027 жылға арналған жобада 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері көбейетінін мәлімдеген.

Биылғы есептік көрсеткіштер мөлшері:

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);

АЕК – 3692 теңге (7,6 доллар);

ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге (119,8 доллар);

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге (89,9 доллар);

ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге (58,4 АҚШ доллары) болса,

2025 жылға арналған жоба мақұлданса:

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);

АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);

ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);

ең төменгі күнкөріс деңгей – 46 228 теңге (95,7 доллар);

ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру көзделген.

Сурет: ​egemen.kz​​​
26 тамыз 2024 ж. 176 0