Құдіретті қалам иесі

Басқосудың басты мақсаты – ұлт руханияты мен мәдениетінің қарашаңырағы – Одақ қызметін, жетістіктерін, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмір жолын, шығармашылығын насихаттау болды.
Конференцияда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Оларға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы алғысын жеткізді.
Іс-шара аясында Қазақстан Жазушылар одағының Кызылорда облысындағы өкілі Қаршыға Есімсейітова «Сыр елінде қазақ әдебиетінің бастау алуы» тақырыбында баяндама жасады.


Қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған рухани-мәдени шаралар өңірімізде де, туған жерінде де өткізіледі.
«Толқын» ақпарат