30 қыркүйек – Әділет органы қызметкерлерінің күні

– Әділет департаментінің негізгі міндеттерінің бірі – заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихат бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Бүгінде облыста 164 адвокат бар. Оның құрамындағы 83 адвокат әділет департаментімен бірлесіп халыққа тегін көмек көрсетеді. Айта кетейін, жыл басынан бері 10 580 азаматқа заңда көзделген жағдайлар бойынша тегін көмек көрсетілді. Сондай-ақ департаменттің құқтық қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы функциясы - нотариустардың жасаған іс-әрекеттерінің заңдылығына бақылау жасайды. Ал бұл бойынша биыл жоспардан тыс 5 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 2 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 4 нотариус лицензиясынан айырылды. Ұлттық брендтерді дамыту, Қазақстанның әлемдік нарықта өзіндік орнын қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар қолға алынды. Бәсекелестіктің артуы жағдайында аймақтарды дамыту үшін бренд пен имидждің маңыздылығы даусыз. Бүгінде қала мен аудандарда өз брендтерін қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күні географиялық нұсқама ретінде тіркелу әлеуеті жоғары Қызылорда облысында өндірілетін 10 өнім бойынша «Казпатентке» құжаттар өткізілсе, оның 5-еуі географиялық нұсқама ретінде тіркелді,- деді Жамбыл Асадинұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі