Сапарбаев жаңаөзендік көпбалалы әкені 150 мың теңге жалақыға келісуге шақырды

Жуырда желіде министрдің көпбалалы, оның ішінде мүгедек баласы бар әкені 150 мың теңге көлеміндегі жалақыға келісуін сұраған видеосы тарап кетті. Нақтырақ айтқанда, бейнежазбаны саясаттанушы Талғат Еділов өзінің Telegram-арнасына жүктеген.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ресми өкілі Қанат Құлшманов Facebook- парақшасындаСапарбаевтың сөзін түсіндіре кетті.
Ол 150 мың теңгенің расымен де көпбалалы отбасы үшін үлкен сома емес екенін жеткізді. "Бірақ бұл мәселені 1 сәуірден бастап көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы бойынша талқылағым келеді» , - деп жазды ол.Қазіргі таңда көпбалалы отбасылардың табысы барлық жәрдемақыны қосқанда 249 425 теңгені құрайды.
Негізге 150 мың теңге еңбекақысы алынады. 1 сәуірден бастап жаңа АӘК сомасын ескере отырып, көпбалалы отбасының табысы 422 911 теңгені құрамақ.
kaz.nur.kz