Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 жастағы әйел тоғыз минутта алты баланы дүниеге әкелді

25 жастағы әйел тоғыз минутта алты баланы дүниеге әкелді

Техас штатының (АҚШ) тұрғыны тоғыз минутта алты баланы дүниеге әкелді. Бұл жайында техастық әйел әлеуметтік желідегі  Facebook парақшасында мәлімдеген деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтының дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

15 наурыз күні таңғы сағат 4:59 шамасында 2 қыз 4 ұл бала дүниеге келді. Жаңа туылған нәрестелердің салмағы 800-ден 1300 грамға дейін. Қазіргі таңда перзентхана дәрігері  олардың анасы, Тельма Чиаканың  жағдайының жақсы екендігін хабарлады.

Чиака қыздарының есімдерін Зина және Зуриэль деп атамақ. Ал 4 ұлының есімдерін қалай атайтынын әлі ойлап үлгермегендігін айтады.
Техас перзентханасы қызметкерлерінің айтуы бойынша, мұндай құбылыс тек 4,7 миллиард адамның бірінде ғана кездеседі екен.

Ақпан айында дәл осындай жағдай Иракта да орын алған. Ирак тұрғыны 7 егіз баланы дүниеге алып келген. 25 жастағы ана 6 қыз 1 ұл босанған. Дегенмен, дүниеге келгеннен бірнеше күннен кейін 7 бала да ауруханада көз жұмған.
www.qamshy.kz
18 наурыз 2019 ж. 897 0