Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда адам өлтіру неге жиілеп кеткенін министрлік түсіндірді

Қазақстанда адам өлтіру неге жиілеп кеткенін министрлік түсіндірді

Қазір тіркелген қылмыс саны 8 мыңға азайды. Былай қарасаңыз, бұл – үлкен сан. Адам өлтіру бойынша 32 фактіге өсіп тұр.
Қазақстанда адам өлтіру неге жиілеп кеткенін министрлік түсіндірді

Ішкі істер вице-министрі Айдос Рысбаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне адам өлтіру статистикасы неге өсіп кеткенін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Біз тоқсан сайын, ай сайын әр жұмыстың нәтижесін қорытындылаймыз. Қазір тіркелген қылмыс саны 8 мыңға азайды. Былай қарасаңыз, бұл – үлкен сан. Адам өлтіру бойынша 32 фактіге өсіп тұр. Бірақ адам өлтіру статистикасының 22 факт ішінде адам өлтіруге оқталу ретінде сараланып отыр. Яғни, адамдар тірі қалған. Бірақ дене жарақаты ауыр болғаннан кейін кісі өлтіруге оқталу болып тағайындалады. Нақты адам өлтіру саны тек 10 фактіге ғана көбейіп тұр», – деді ол.

Айдос Рысбаев мұның себебі былай түсіндірді.
«Адамның мәйіті табылады, мәйіт табылғаннан кейін біз қылмыстық іс қозғаймыз. Қылмысты жасыру болмас үшін не себепті қайтыс болғанын анықтау мақсатында «адам өлтіру» бабымен іс қозғаймыз. Қазір адам өлтіру көрсеткіші былтырғы санмен бірдей. Сондықтан біздің тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ», – деп түйіндеді вице-министр.

Сурет: ашық дереккөз

18 қазан 2024 ж. 124 0