Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жезқазған-Қызылорда автожолының құрылыс жұмыстары басталды

Жезқазған-Қызылорда автожолының құрылыс жұмыстары басталды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Ұлытау облысына іссапар барысында Жезқазған-Қызылорда республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының барысын қадағалап, облыс әкімі Дастан Рыспековке автожолдың қайта жаңарту жобасын таныстырды.
Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 208 шақырымды құрайтын Жезқазған-Қызылорда жобасын орындауға кірісті.
Жалпы ұзындығы 426 шақырымды құрайтын Қызылорда-Жезқазған автожолының қайта жаңарту жобасы Ұлытау және Қызылорда облыстары арқылы өтеді. Ұлытау облысы бойынша қайта жаңарту жұмыстары аясында жолды ІІІ техникалық санаттан ІІ техникалық санатқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз, — делінген хабарламада.

Сурет: ​baribar.kz​​​
23 қазан 2024 ж. 124 0