Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жезқазған-Қызылорда» автожолының құрылысын жеделдетеді

«Жезқазған-Қызылорда» автожолының құрылысын жеделдетеді

Жуырда ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған саяси шешімдердің мемлекетіміздің дамуына оң әсерін тигізері анық. Осы орайда, «Жаңа Қазақстан» құрудың бағыт-бағдары айқындалған Жолдауды аймақ жолшылары да қолдайды.Мәселен, биыл жұртшылық көптен күткен «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары бастау алады.Ауқымды жобаны жүзеге асыру үш жылға дейін созылады деп күтілуде.
Дегенмен, Мемлекет басшысының кешегі алқалы жиында Ұлытау облысын құру туралы тапсырмасы Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жолдың құрылысын жеделдете түседідеген пікірдежол саласының білікті мамандары.
– Жалпы еліміздің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын ең төте автожолдыңтезірек аяқталғаны біріншіден көршілес екі облыс үшін ғана емес, тұтас оңтүстік өңірлердіңжол көлік логистикасын едәуір жеңілдетеді.Екіншіден, қанша жылдан бері жол азабын тартып келген халықтың қатынасы артып, екі өңірдің алыс-берісі мен байланысы нығая түседі. Үшіншіден, «БатысЕуропа-БатысҚытай» халықаралық автодәлізі арқылы Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің жүк тасымалы да «Қызылорда-Жезқазған» автожолы арқылы өтетін болады. Сондықтан, дербес облыс атанған Ұлытау өңірінің басшылығыбұл жобаның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, автожолдымерзімінен бұрын аяқтауды көздейді деп ойлаймын»,- дейді ардагер жолшы Мадияр Наркешбаев.
Айта кетейік, «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 204 шақырымы Сыр өңіріне тиесілі. Жоба бойынша қаланың айналма жолы 14,6 шақырымы Іб санатты болады. Әрі қарай 12-216 шақырым аралығына ІІ санатты жол салынады. Бүгінде жобаны жүзеге асырушы мердігер компаниялар белгіленді.Наурыз айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталмақ. Жол құрылысына шамамен 3 мың адам жұмылдырылады деп күтілуде.
«Жол активтерінің ұлттық сапаорталығы» ҚОФ баспасөз қызметі

syrboyi.kz
18 наурыз 2022 ж. 691 0