Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова Агрис Прейманиспен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова Агрис Прейманиспен кездесті

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Агрис Прейманиспен кездесті.
Кездесуде ЕҚДБ-мен жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелерін модернизациялау жөніндегі бірлескен жобалар туралы мәселелер талқыланды.
Қаланың жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жобасын іске асыру нәтижесінде екі газтурбиналық қондырғыны жөндеуге, жылумен жабдықтау жүйесінің гидравликалық моделін жасауға және 6,3 шақырым жылу құбырларын жаңғыртуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта валюта бағамының құбылмалылығын ескере отырып несие төлеуді жеңілдету мақсатында, облыс әкімі ЕҚДБ-мен несиені теңгеге ауыстыру туралы қосымша келісімге қол қойды. Несиелік шарт АҚШ долларымен жасалған болатын, мерзімі 2018 жылдан 2027 жылға дейін.
Сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру жобасы аясында сумен жабдықтау жүйесінің гидравликалық моделі әзірленді, арнайы техника мен зертханалық жабдықтар сатып алынды.
Ағымдағы жылы коронавирустық пандемияға байланысты қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, облыс әкімшілігі ЕҚДБ-мен бірлесе отырып, негізгі қарыздың маусымдағы төлемін келесі жылға ауыстыру туралы қосымша келісімге келді.
Келісімшартқа сәйкес екі компоненттен құралған «Электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша «қосалқы станцияларда электр есептегіштерін орнату және АСКУЭ-ға қосылу» компоненті өткен жылдың соңында аяқталды. Шиелі кенті мен Қызылорда қаласындағы желілерді жаңғырту жұмыстарының 85% аяқталды.
Сонымен қатар, кездесуде қосымша екі жобаны 2021 жылы іске асыру мәселелері талқыланды: «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Қызылорда-Жезқазған» учаскесін (424 км) қайта жаңарту» және «Қызылорда қаласында ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көп бейінді аурухана құрылысы (онкологиялық бөлімшесімен қамтылған)».
Бұл екі жоба республикалық бюджеттен ЕҚДБ-мен бірлесе отырып қаржыландырылатын болады.
Бүгінгі күні ұзындығы 424 км «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолы қанағаттанғысыз жағдайда және қайта жаңартуды қажет етеді.
«Қызылорда-Жезқазған» учаскесін қайта жаңарту облыстан елдің орталық өңірлеріне, сондай-ақ РФ-ның өнеркәсіптік өңірлеріне тікелей шығуды қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет.
Көпбейінді аурухана тұрғындарға (ересектер мен балаларға) білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге, кеңес беруге, ауруларды диагностикалауға, келген науқастарды тексеруге және емдеуге, дәрігер-мамандардың консультацияларына және халықты сауықтыру бойынша алдын алу іс-шараларына арналған.
Аурухананың ашылуы озық технологияларды енгізе отырып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Аймақ тұрғындары облыстан шықпай-ақ сапалы медициналық қызмет ала алады.
kyzylorda-news.kz​​​
23 шілде 2020 ж. 526 0