Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда колледждер онлайн оқытуға ауыса алады

Қазақстанда колледждер онлайн оқытуға ауыса алады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәжіліс отырысында елімізде колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда бұл өзгеріс барлық мамандыққа қатысты емес деді ол.

Министрдің сөзінше,  онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Экономиканы цифрландыру жағдайында ерекше сұранысқа ие IT-мамандықтарға басты назар аударылмақ.
Ведомство басшысы мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже бергенін айтты. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған.
"Бүгінде еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледждер жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен еңбек қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру болып отыр", – деді министр.
Еске салайық, бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоғары сынып оқушыларына мектеппен қатар колледжде білім алуға рұқсат беруді ұсынғанын жаздық. Оның айтуынша, 10 және 11-сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша колледжде қатар білім алуға рұқсат берген. Ол мұл мектеп түлектеріне 11-сыныпты аяқтаған соң аттестат пен нақты мамандық бойынша диплом алуға жол ашатынын айтты. Сондай-ақ базалық пәндері қайта оқудың алдын алып, түлекті экономика қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді.


06 қараша 2024 ж. 96 0