Ауыл шаруашылығы саласында өсім бар
Ағымдағы жылы аграрлық саланы қолдауға мемлекет тарапынан 23,9 млрд. теңге бөлінді.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,5%-ға, қайта өңдеу өнімдерінің көлемі 1,2%-ға, ауыл шаруашылығы негізгі қорына салынған инвестиция 19,7%-ға артты.
Бүгінгі күні жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 67 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің жыл өткен сайын артуына оң ықпал етуде.
Сыр диқандары биыл 189,4 мың гектар жерге егін екті. Негізгі дақыл күріш 85,6 мың гектарға дән себіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынды, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналды.
Статистикалық деректерге қарағанда, 2024 жылдың 1 қарашасында облыстан 33,7 млн. доллардың 65,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жіберілген. Экспортталған өнімнің 92,3 пайызы, яғни 60,3 мың тоннасы – күріш. Сыр маржаны Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Иракқа жөнелтілді.
"Толқын" ақпарат