Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЫЛ ОБЛЫСТАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

БИЫЛ ОБЛЫСТАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Мемлекеттен берілетін қолдаудың арқасында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуында оң динамика қалыптасып отыр. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,8 пайызға артса, қайта өңдеу өнімдерінің көлемі мен ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестицияда да өсім бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев айтты.– Биыл облыс бойынша 189,4 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, агротехникалық талаптарға сай толық жинап алынды. Мұндағы негізгі дақыл күріштің көлемі 85,6 мың гектарды құрап, әр гектарынан 58 центнерден өнім алып, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналды. Сонымен қатар, күріштен басқа дәнді дақылдардан 18,5 мың тонна, майлы дақылдар 4,9 мың тонна, картоп, көкөніс, бақша өнімдерінен 352,7 мың тонна, мал азықтық дақылдары 367 мың тонна өнім өндірілді. Өңірдегі су тапшылығы жағдайын ескере келе күріштің көлемі 3,4 мың гектарға қысқартылып, есесіне мал азықтық және майлы, дәнді дақылдарды ұлғайттық. Өндірісте суды үнемдейтін технологияларды қолдануды қарқынды дамытудамыз. Су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артып, 4 400 гектарға жеткізілді,- деді Талғат Тұрсынұлы.
12 қараша 2024 ж. 65 0