Қазақстанда бас мүфти ауысты
Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы қайта сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді.
«Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген делегат келіп, қолдады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын» деді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына екінші рет сайланып отыр.
Сурет: egemen.kz