2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы: Президент Жарлыққа қол қойды
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
- 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – деп жазылған Ақорданың ресми сайтына жарияланған №744 құжатта.