Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық кеңес туралы Жарлық шықты

Ұлттық кеңес туралы Жарлық шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
               Президенті                                                                                              Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 шілде
https://baq.kz
17 шілде 2019 ж. 1 592 0