Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сауда және интеграция министрлігі қайта ұйымдастырылды

Қазақстанда сауда және интеграция министрлігі қайта ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы «Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Президент сауда және интеграция министрлігін қайта ұйымдастырды,

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі:
  1. Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігімен келісім бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді;
  2. осы жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін», - делінеді жарлық мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
https://stan.kz
04 шілде 2019 ж. 875 0