Қазақстанда сауда және интеграция министрлігі құрылды
Елімізде сауда және интеграция министрлігі құрылды. Тиісті жарлыққа бүгін Қазақстан президенті қол қойды.
Қазақстан Республикасының президенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес ҚР сауда және интеграция министрлігі құрылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жарлыққа сәйкес, жаңа министрлікке бірнеше министрліктің функциялары мен өкілеттіктері беріледі:
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқығын қорғау саласының қызметі;
Қазақстан Республикасының индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласы;
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің экспортты жылжыту саласындағы қызметті үйлестіру туралы қызмет саласы беріледі.