Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » NASA 60 күн бойы төсекте жатқан адамдарға 7 млн теңгеге жуық ақша төлемек

NASA 60 күн бойы төсекте жатқан адамдарға 7 млн теңгеге жуық ақша төлемек

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еріктілер 60 күн бойы төсекте жатуы керек. Оларға осындай жұмысы үшін 14 мың стерлинг (7 млн теңгеге жуық) төленеді. Жаңа тәжірибенің мақсаты – салмақсыздық пен ұзақ уақыт көлденең қалыпта болудың адам денесіне әсерін зерттеу.

Зерттеуге қатысушылар барлығын жатқан қалыпта істеуі керек. Мысалы, гигиенкалық процедураларды жасағанда, душ қабылдаған кезде де орнынан тұрмауы тиіс. Сонымен қатар олар күн сайын жарты сағат көлемінде арнайы жасанды гравитациясы бар центрифуганың ішінде болуы тиіс.

Зерттеуге қатысатын адамдардың тағамын диетологтар командасы әзірлейді. Мамандар тәжірибеге қатысушылар бағдарлама соңына дейін артық салмақ қоспайтынын айтып сендірді.

Бүгінгі таңда NASA 24-55 жас аралығындағы қатысушыларды денсаулық жағдайына байланысты қабылдап жатыр. Тәжірибе қыркүйек айында Германияның Кельн қаласындағы аэроғарыш орталығында басталады. Өтінішті орталықтың сайтында беруге болады.
www.qazbrand.info
27 наурыз 2019 ж. 542 0