Алтын құрсақты аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградалары табысталды

Қала әкімі өз сөзінде: «Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүрсіздер. Сіздерге еңбектеріңізге үлкен табыс пен сәттілік, қажымас қайрат, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік пен бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңызға әрдайым қуаныш шуағы мейірімін төгіп тұрсын!», - деп батыр аналарды мәртебелі дәрежелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Марапаттауда 6 ана - «Алтын алқа», 10 ана - «Күміс алқа» иегері атанды.
Шара соңында марапат иегерлері өз алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
«АРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КММ
Сурет: Арал қаласы әкімінің аппараты