Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астролог сәуір айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр

Астролог сәуір айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр

Қазақстандық астролог сәуір айына болжам жасап, жастарға жан дүниесімен көбірек айналысуға кеңес берді. Астролог Ирина Абдраимованың айтуынша, сәуір айының басы барынша тыныш болады. Алайда айдың ортасына қарай жағымсыз өзгерістер болып, бар назарымызды айналамыздағылармен жақсы қарым-қатынас құруға бағыттауымызға тура келеді."Көктемнің екінші айында жеке жұмысымызды реттеуге кірісеміз. Бастысы жұмысымызға деген қызығушылығымызды жоғалтып алмасақ болғаны. Бір шетінен бізге іштей асығыстық пен аңғалдық кедергі келтіреді. Яғни бір ай бойы жақындарымызбен қиындықтарымызды шеше алмай біраз әбігерге салынамыз", - дейді астролог.

Әлемдегі саяси ахуал шиеленісе түседі

Сондай-ақ, маман өзіміздің өзгелермен сөз таластырып, жанжалдасуға бейім келетінімізді айтып өтті. Кей жағдайда, тіпті, өзіміз бірінші болып айналамыздағыларға орынсыз тиісе бастаймыз. Бұдан өзге көптеген адам ақша жоғалтып, материалдық қиындықтарға тап болады.

"Сәуір айында Сатурн мен Платон планеталары бір-біріне жақындай түседі. Олардың екеуі де үлкен жағымсыз энергияға ие. Осы энергия әлемдегі саяси ахуалдың шиеленісе түсуіне әсер етеді. Бірақ осы шиеленіскен жағдай өзінің шарықтау шегіне жетпейді. 24-30 сәуір аралығында Сатурн өзінің бағытын өзгертеді. Кейін екеуіне Кетто планетасының энергиясы қосылады. Осының арқасында адамдар тазаланып, көптен қиындықты артта қалдырады", - дейді астролог.

Жақынымыздан мәңгіге айырылып қалуымыз мүмкін

Әрі қарай Ирина Абдраимова сәуір айында адамзаттың болашағын түбегейлі өзгертетін оқиғалар болатынын атап өтті. Осы кезде өзіміздің өткен өмірімізге көз жүгіртетін боламыз.
Біреулер жеке басындағы қиындықты шешсе, енді екіншілері ата-анасының мәселесімен жүреді. Өкінішке орай, осы өткен өміріміздегі қиындықтарды шешпейінше, қазіргі сәтте айтарлықтай жетістікке жете алмаймыз.

"Бұл ай жаңа энергиямен толығатындықтан, жаңа бастамалар үшін таптырмас уақыт болып отыр. Десе де, 11-15 сәуір аралығында ажырасу мен ауру көп болатындықтан, сақ болуға кеңес беремін. Тіпті, жақын адамымыздан мәңгілікке көз жазып қалуымыз мүмкін. Бұдан өзге көктемнің екінші айында адамдар өзін іштей жегідей жеп, депрессияға түседі. Жастарға ішкі жан дүниесімен көп жұмыс істеуге тура келеді", - дейді Ирина Абдраимова.

Астролог қандай жағдай болсын, жылдам нәтиже күтудің қажеті жоқ екенін айтып өтті. Мұнымен қатар, бастықпен ұрыспас бұрын сан рет ойлануға және ешбір іске ақша салмай қоя тұруға кеңес берді.
30 наурыз 2019 ж. 1 232 0