Биыл 111 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

- 2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның 4 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде маңыздылығы жоғары 10 мәселе қаралды. Алдымен мерзімді әскери қызметке шақыру бағыты бойынша ақпар айта кетсем. “2024 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы” № 33 қаулысына сәйкес мерзімді әскери қызметті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Облыстық жиын пунктін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскерге шақырылушыларға 3 мезгіл ыстық тамақ беру және оларды тасымалдау жұмыстары кестеге сәйкес ұйымдастырылды. Демеушілік есебінен 20 нысанда қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жоспарлы түрде 3 нысанда қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. 2024 жылға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден “қолайсыз” ретінде 115 елді мекен анықталып, аталған елді мекендердегі 762 992 мал басы және көлемі 2 886 841 шаршы метрді құрайтын 31 993 қора, суат-шаңлақтарға көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Биыл облыс бюджетінен бөлінген 111 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады,- деді Марат Ердәулетұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі