Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды

Мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды

Бүгін өткен жылғы көктем-күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы мәжіліс өткізілді.Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов жүргізді.
Бектемір Ұлыбекұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі Жарлығына тоқталып, кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі екендігін айтты.
Алдымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Бауыржан Қуатов 2020 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Өткен жылы ауданнан 191 азамат әскер қатарына аттанып, белгіленген жүктеме110%-ға орындалған.
Жиында ауданға арнайы іс-сапармен келген облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков сөз алып, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық тәрбие әрбір адамның өзінен, отбасынан басталуы қажет екендігін айтты. Аудан көлемінде мерзімді әскерге шақыру жұмыстары жүйелі ұйымдастырылғанын айтып, алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Жыл қорытындысы бойынша аудан көлемінде мерзімді әскер қызметке шақыру жұмыстары бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген, кент, ауылдық округ әкімдері мен әскери есеп мамандарына Алғыс хаттар табысталды.
Мәжілісте Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінің штаб бастығының шақырушыларды іріктеу және зерделеу жөніндегі аға көмекшісі капитан Ауелов Қайсар мен полиция департаментінің жұмылдыру жөніндегі аға инспекторы, майор Алмаханов Бауыржан қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп жүргізілетін Ұлттық Ұлан әскери қызметіне іріктеу жұмыстары туралы түсіндірді.
Жиынға қатысқан азаматтар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, сауалдарына тұщымды жауаптарын алды.
Мәжіліс соңында тиісті сала басшыларына 2021 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатаң бақылауға алу, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы дәрігерлік куәландырудан өтуін қамтамасыз ету, жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.




Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
16 ақпан 2021 ж. 662 0