Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапты кезеңге жауапкершілікпен қарайық

Жауапты кезеңге жауапкершілікпен қарайық

Отан алдындағы әскери қызметін адал өтеу – әрбір азаматтың борышы. Осы жайтты жастар өзінің қоғам үшін жасайтын бір міндеті ретінде санау қажет. Бірақ бұл мәселе жөнінде ел арасында насихат жұмыстарын жүргізу көптеген азаматқа жауапкершілік жүктейді. Әскер қатарына шақыру жұмыстары жүйелі жүргізілуі қажет. Бұл – маусым сайынғы үлкен міндет.
Оңталап ЖОЛДАСОВ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы туралы мәжіліс өткізілді. Аудан басшысы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру, кәмелет жасқа толған жастарды әскери борышын өтеуге жіберу өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып, аталған жұмыстардың өз деңгейінде орындалмауының  кейбір мәселелеріне тоқталып өтті.
Одан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша бүгінгі күнге дейін ауданда  атқарылған жұмыстар туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Бауыржан Жұмаділдаұлының хабарламасы тыңдалды. Бөлім бастығы өз баяндамасында:
– Қазіргі таңда Арал қаласы мен Сексеуіл, Жақсықылыш кенттерінде, Сапақ, Құланды, Ақбасты, Қаратерең, Бөгенде аза­маттарды елді қорғау және патриоттық сезімді күшейту мақ­сатында мобильді топпен аралап, түсіндірме және шақыру жұ­мыстары жүргізілуде. Алайда кент, ауылдық округтерден дәрі­герлік комиссияға келген азаматтар мүлде аз. Осыған орай қала, кент, ауылдық округтер әкімдеріне сіздің тарапыңыздан арнайы тапсырма берілсе, – деп істеліп жатқан жұмыс жайында хабар­лады.
Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала мамандарына мерзімді әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды қатаң бақылауға алып, кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
17 қазан 2020 ж. 403 0