Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өткізілді. Жиын барысында аудан басшысы ең алдымен орын алған кадрлық өзгеріске тоқталды. Сонымен қатар, 2019 жылдың 16 қазанындағы аудан әкімінің өкімімен қайта бекітілген аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы арасындағы міндеттер бөлінісін атап өтті.
Аппарат мәжілісінде өзекті деген төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселе, 2019 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т.Рашев хабарлама жасап, 9 айдың қорытындысы бойынша ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе, 2019 жылы аудан әкімінің тұрғындармен өткен есепті кездесуінде түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев баяндап өтті.
Үшінші мәселе бойынша, яғни, аудан бюджетінің 9 айдағы игерілу барысы турасында аудандық қажы бөлімінің басшысы М.Көлдеев тарқата айтып, бюджеттің игерілуі бойынша аудан алдыңғы қатарда екендігін жеткізді.
Соңғы мәселе күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Б.Қуатов хабарлама жасап, Сексеуіл кенті мен бірқатар ауылдық округтер бойынша әскерге аттандыру жұмыстары көңіл көншітпей тұрғанын жеткізіп, ұсынысын білдірді. Аталған жайттарды ескере келе аудан басшысы осы салаға жауапты мамандардың тәртіптік мәселесін қарау жөнінде тапсырма берді.
Жиын соңында аудан әкімі орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына баса мән беруді қажет ететін тұстарды атап, нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
31 қазан 2019 ж. 832 0