Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы туралы мәжіліс өткізілді.
Аудан басшысы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру, кәмелет жасқа толған жастарды әскери борышын өтеуге жіберу өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып, аталған жұмыстардың өз деңгейінде орындалмауының кейбір мәселелеріне тоқталып өтті.
Одан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша бүгінгі күнге дейін ауданда атқарылған жұмыстар туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Бауыржан Жұмаділдаұлының хабарламасы тыңдалды.
Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала мамандарына мерзімді әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды қатаң бақылауға алып, кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
15 қазан 2020 ж. 547 0