БАХТИЯР АРТАЕВ: Спорт түрлеріне басымдық беруіміз керек

- Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлеріне қаншалықты назар аударылып жатыр деген сұрақтар туындайды. Біз олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беруіміз керек. Қай жерде бокс жақсы дамыған, қай жерде ауыр атлетика мықты. Біз өзіміздің өрендерді сол жаққа жаттығу өткізуіне жағдай жасауымыз керек. Сол жақтағы мықтылармен тәжірибе алмасу керек. Бәсекелестік бар жерде нәтиже болады. Биыл футболдан “Қайсар” командасы жергілік ойыншылармен ойнайтын болады. Чемпионат басталуына да аз уақыт қалды. Бірден жеңіске жетеміз деп те айта алмаймыз. Себебі команданың ішінде дебютанттар көп.Алғашқы турларда есе жіберуіміз мүмкін. Бірақ көш жүре түзеледі. Неге сенім артып көрмеске? Сонда ғана футболшыларымыз намысты қолдан бермей нәтиже көрсетеді деп ойлаймын, - деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі