Арал ауданында су шаруашылығы нысандарын зерделеу жұмыстары жүргізілді
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739422178_10.jpg)
Атап айтқанда, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су қоймаларын, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді салу мен реконструкциялау, су үнемдеу технологияларын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осы бастамалар шеңберінде Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландырылатын су шаруашылығы жобаларының тиімділігін зерттеу мақсатында Қызылорда облысы бойынша арнайы жұмысшы топ құрылды.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті, суару және дренаж басқармасының бас сарапшысы Е. Қалдыбеков бастаған жұмысшы топ іс сапармен Арал ауданында болды.
Осы ретте, Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті, суару және дренаж басқармасының бас сарапшысы Е. Қалдыбеков бастаған жұмысшы топ іссапармен Арал ауданына келді. Аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев, сондай-ақ облыстық су шаруашылығы саласының өкілдері, басқарма және мекеме басшылары жұмысшы топ құрамында болып, Жаңақұрылыс және Қаратерең ауылдық округтеріндегі «Қараарық» каналы мен «Құйылыс» қорғаныс бөгетінің техникалық жағдайымен танысты. Қаржыландырылатын су нысандарына жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, ұсынылған жобалар жүзеге асқан жағдайда, Қаратерең ауылдық округіндегі «Құйылыс» қорғаныс бөгетін жөндеу және шлюз салу арқылы 6 мың гектарға дейін шабындық алқап суландырылып, жергілікті халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізбек. Сонымен қатар, бұл нысан елді мекен тұрғындары мен көршілес Қазалы ауданының халқына қыстық мал азығын дайындауда үлкен көмек болмақ.
Бұдан бөлек, «Қараарық» каналы толықтай тазаланып, қажетті жерлерге су тоспалары салынған жағдайда, Жайындыкөл, Дауылдыкөл, Айдарқұл, Ақшұңгел, Ақүрме, Алтынтапқан шабындықтары мен Тәбекен, Әулиетөбе көлдері суландырылып, 500-1000 гектар жерге дейін егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туғызады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі