Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип бекітілді

Жеңісті мерекелеу үшін елімізде біршама іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Президент осының ішінде ең маңыздысы - әскери шеру екенін атап өткен болатын.
«Іс-шаралардың ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіледі, ешкім де елеусіз қалмайды. Концерттер мен көрмелер өтеді, деректі фильмдер мен бағдарламалар түсіріледі, тарихи кітаптар мен фотоальбомдар шығарылады. Жауынгерлеріміздің есімін ел жадында сақтау үшін зерттеу жұмыстары жалғаса береді. Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы салтанатты іс-шаралар тізіміне кіреді», деді Президент.
Осындай маңызды іс-шаралар бір логотиппен бедерленеді. Қорғаныс министрлігі ресми бекітілген логотипті жариялады.
Фото: egemen.kz