Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде әскери шеру өте ме?

Биыл елімізде әскери шеру өте ме?

Қорғаныс министрлігі биыл мамыр айындағы мерекелер қарсаңында әскер шеру өткізу жоспарланбағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2024 жылы Қазақстанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған әскери шеруді өткізу жоспарланбаған», делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Министрлік мұндай шешімді қаржыны үнемдеп, басқа да маңызды мәселелерді шешуге бағыттау мақсатында қабылдаған.

Айта кетейік, елімізде әскери шеру кейінгі рет 2018 жылы өткен еді.

Фото: ашық дереккөз 
03 сәуір 2024 ж. 217 0