Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өте ме?

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өте ме?

Биыл Қазақстанда әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосы әскери шеруді өткізу «бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты» жоспарланбағанын түсіндірді.

«Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін қолдау басым болып саналады», делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта қорғаныс ведомствосы әскери-патриоттық іс-шараларды, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеуді, соғыста қаза тапқан Қазақстан жауынгерлерін еске алу шараларын БАҚ-та жариялауды жоспарлап, өткізуде.

«7 және 9 мамырға орай ұйымдастырылатын іс-шараларды өткізу туралы ақпарат министрліктің ақпараттық ресурстарында жарияланады», деп қосты министрлік өкілдері.

24 сәуір 2023 ж. 443 0