Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өсті

Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өсті

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжілісте әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы мемлекеттік шаралар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемені уақытылы және толық орындап отыр. Осы мақсатта зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индекстелді.

Жалақы өсімі

• Әскерилер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы – 40%-ға;
• Мәдениет және архив саласы қызметкерлерінің еңбекақысы – 20%-ға;
• Мемлекеттік балық шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы – 80%-ға;
• Техникалық персонал, орманшылар, іс жүргізушілер және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 70%-ға дейін артты.

Сонымен қатар, зиянды өндірісте еңбек ететін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Әлеуметтік осал топтарға қолдау

Биыл 5 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығымен беру жоспарланған.

Ауылдық жерлердегі жұмыс орындары

2024 жылы 970 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 400 мыңнан астамы – жастар. Бұл бағытта "Ауыл аманаты" және "Ауыл – ел бесігі" жобалары іске асырылып жатыр.

Республикалық және жергілікті бюджет шығындарының жартысынан астамы – 18 трлн теңгеден астам қаржы – әлеуметтік салаға бағытталған. Қазіргі уақытта әлеуметтік мақсаттарға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау күшейтілуде. Бұл процестерге цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр, - деді Ермек Көшербаев.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
12 наурыз 2025 ж. 29 0