Наурызнама: Бүгін – Шаңырақ күні

Статистикалық мәліметтерге тоқталсақ. Былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Орташа неке жасы: ерлер – 27,9 жас, әйелдер ¬– 25,2 жас. Ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739.
Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген. «Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш», «Баланың бас ұстазы – ата-анасы», «Отбасының сәні – сыйластық», «Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген мақалдың өзі соның айғағы.
фото: Нұрболат Нұржаубай