Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кей өңірде қар жауады: Елімізде алдағы күндері күн күрт суытады

Кей өңірде қар жауады: Елімізде алдағы күндері күн күрт суытады

Синптиктер сәуірдің 4-6 аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. 


Жерорта теңізі циклоны Қазақстанның батыс аймақтарында күшті жаңбыр әкелді. Бұл циклон енді шығысқа ауысады. Атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауып, еліміздің көп бөлігінде жел соғады.
"Солтүстік облыстарда жаңбыр соңғы қарға ұласады. Оңтүстік өңірде қатты жауын жауып, күн күркірейді. Бұршақ жауады», - деп хабарлады Қазгидромет.
Ауа райы синоптиктерінің айтуы бойынша, Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан келген антициклон әсерінен республиканың солтүстік бөлігінде күн суытады. Түнде ауа температурасы 0 ... минус 5 ° С-қа дейін төмендейді.

05 сәуір 2019 ж. 1 081 0