«QAZAQSTAN» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

«Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – деп жазды Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін төрағалық қызметті 2017 жылдан бері Ерлан Тынымбайұлы Қарин атқарып келген.