Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар сараланды

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар сараланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіп  кешеніндегі инвестициялық жобалар талқыланған мәжіліс өтті. Оған жауапты сала басшылары, жоба бастамашылары қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі жалпыұлттық іс-шараларда ірі инвестициялық жобаларды Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесімен қаржыландыру көзделген.
Бағдарламаның мақсаты – АӨК-де жаңа жобалар құру немесе қолданыстағыларды кеңейту. Негізгі бағыты – тауарлы сүт фермалары, ет бағытындағы құс фабрикалары, мал шаруашылығы кәсіпорындары, көкөніс, жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығы. Жүн мен теріні терең өңдейтін, буып-түю материалдарын өндіретін кәсіпорындарды, тауарлы балық, басқа да су жануарларын өсіретін шаруашылықтарды, қой фермаларын өркендетуге басымдық берілген.
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде 5 жобаға, атап айтқанда, Қызылорда қаласында 2, Арал ауданында 3 жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Биыл тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Аудандардағы әлеуетті жобалардың, яғни 11 жобаның пулы қалыптастырылды.
Аймақ басшысы биылға қарастырылған инвестициялық жобаларды 1 мамырға дейін ұсынуды тапсырды. Одан бөлек, 1 шілдеге дейін 2026, 2027, 2028 жылдарға ұсынылатын жобалар тізімін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жолдау, республикадан бөлінген қаражатты мерзімінде әрі толық игерілу міндеттелді.
«Инвестиция тарту Қызылорда қаласы, аудан әкімдерінің әрқайсының жеке жауапкершілігінде», – деді Н. Нәлібаев.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
12 сәуір 2025 ж. 30 0