Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Аудан әкімі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Татулық пен келісім – біздің ең басты байлығымыз, баянды болашағымыздың берік іргетасы.
Ата-бабалар аманатына айналған бірлік пен өзара құрмет елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, қарқынды даму жолында түзу келе жатқандығымызды айғақтайды.
30 жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігінің нақты символына айналған құрылым. Түрлі ұлт өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда айрықша рөл атқарып келеді.
Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған еліміз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденіп, экономикасы өрге басуда. Бірқатар маңызды бағыттар бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Осы жетістіктердің бәрінде біздің аудан тұрғындарының да татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.
Мерейлі бірлік мерекесінде баршаңызға бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы арта берсін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
01 мамыр 2025 ж. 35 0