Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Саздыдағы ағайынның тілегін тыңдады

Аудан әкімі Саздыдағы ағайынның тілегін тыңдады

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезекті сапары барысында қыр беткейдегі Сазды ауылдында болып, ауыл тұрғындарымен тілдесті.
Ең алдымен ауылда демеушілік есебінен салынған балалар ойын алаңының қазіргі жай-күйіне қанықты. Ауыл балаларының алаңсыз асыр салуы үшін салынған шағын алаңға алдағы уақытта әлі де қосымша ойын құрылғылары орнатылмақ. Аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы ауыл әкіміне осы жұмыстарға мұқият бақылау жасап, тиісті құрылғыларды орнатуды қолға алуды тапсырды.
Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан басшысы жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде тоқталып өтті. Сондай-ақ ауылға ортақ кейбір мәселелерден хабардар екенін жеткізіп, оларды алдағы уақытта шешу жолында жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су, электр энергиясы, жол және скважина қазу және әкімшілік ғимарат салу мәселелерін көтерді. Аудан әкімі бұл ұсыныстар бойынша тиісті мамандармен бірлесіп, жұмыстар жүргізілетінін айтып, мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қарастырылатынын жеткізді.
Кездесуде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып, ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан бір топ ауыл тұрғындары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылған ауыл тұрғыны жұмыссыздық мәселесін көтерді. Аудан әкімі айтылған мәселе басты назарында болатындығын айтып, ауыл әкіміне заңдылығына сәйкес тиісті шара қабылдауды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі 
01 мамыр 2025 ж. 32 0